Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Түркеш қалқаұлы ат. БМ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасы

Қазығұрт ауданының білім бөлімі

МЕНЮ

Кез келген мектептің, кез келген ауылдың өз тарихы бар.   Сол сияқты біздің ауылдың да мектептің де тарихы  ерекше.  Адам қанша жыл өмір  сүрсе де,  қандай  іспен  айналысса да, өмірдегі  ең  ұмтылмас  сәттер  болып  мектепте өткізген  уақыт  қалатын  шығар.  Мектептің бастауы –бастауышта дегендей. Осы орайда  ауыл  мектебіміздің  бүгінгі күндегі атауы Түркеш Қалқаұлы деп аталады. Мектебіміз 4 жылдық білімберу ошағы болып табылады. Мектеп ол  білім  айдынындағы үлкен кеме. Осы  кемеде  жүзіп жүрген  оқушылар мен мұғалімдердің еңбектері еленіп жатады.  Мектеп оқушыларға білім  мен тәрбие береді.  Ұлттың  рухани  байлығы-білімде болса, ұстанар  бағыты-тәрбиесінде. Ал,  білімнің  сарқылмас «көзі»-мектепте! Олай болса,  Мектептің атауы Түркеш Қалқаұлы атындағы  бастауыш мектебі Қазығұрт ауданы, Қызыл –қия ауыл әкімшілігіндегі  Тұғыртас елді  мекенінде орналасқан.  Мектептің  алғашқы  ірге тасы «Қызылқия» ауыл әкімшілігіндегі  Калинин елді  мекенінде   1933 жылы  шағын  комплектілі  «Калинин» бастауыш мектебі болып қаланды.  1935 жылы  мектеп меңгерушісі  әрі мұғалімі  Әтемқұлов болатын. Мектепте  әр жылдарда  Өсербай, Қалдыбай,  Ермекбай, Нұрлыбекова  Қынаш, Нұрлыбаев Лес, Қасымбеков  Медеу, Тасбалтаев Бердан, Қожабеков Ақберді  сынды  мұғалімдер ұстаздық еткен.   

         1960 жылы  ауыл тұрғындары колхоздың  жаңа орталығына жаппай  көшкеннен соң,  мектеп  жабылып қалды.  Кейінгі жылдары  ауыл балалары «Комсомол» орта мектебі жанындағы интернатта  жатып оқиды.

        1986  жылы қайтадан Калинин атындағы бір комплектілі бастауыш мектеп ашылды. Мектеп үш бөлмелі:  сынып бөлмесі, мұғалімдер бөлмесі және компьютер бөлмесі бар.  Мектеп меңгерушісі  және мұғалімі қызметін  Байғазиев Имамұрат (1989-1996), Ақмырзаева Ұлжалғас(1996-1997), Сүйеубеков  Еркін(1997-1999), Арипбаева Жанар 2000 жылдан бері басқарып келеді.   Қазіргі таңда  мектеп   4 жылдық білім беру ошағына айналды.   Осы мектептің қазіргі таңдағы жетістіктері мектеп меңгерушісінің арқасында. Қазіргі таңда Түркеш Қалқаұлы атындағы бастауыш мектебінің  ұжымдары алдарына мақсат қойып,сол мақсатқа жету жолында еңбек етіп келе жатыр. « Оқыту мен жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың оқуын жақсартуға ықпал ету» тақырыбында жұмыс жасап келеді. Мұндағы мақсат: Оқу үдерісіне жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сыныптағы оқушылардың оқуын жақсарту.  Мектебімізде білім беріп келе жатқан ұстаздар саны -5.  Ал оқушы саны 21оқушы.   

Мектептің атақ-даңқын шығаратын - мектеп басшысы, яғни, директор. Директор - мектептің миы, ұжымның ақылшысы, туындаған проблеманы дер кезінде шеше алатын, шештіре алатын, ұжымды ұйымдастыра алатын ұйымдастырушы. Білімі ұшан-теңіз, мәдениеті жағынан қарамағындағылардан биік тұратын, қызметкерлердің іскерлігін айыра білетін, дер кезінде көмек бере алатын, тіпті мектеп оқушыларының қабілетін, мінез-құлқын, олардың ата-анасын, тұрмысын жетік білуге талпынған  директор ғана мектептің бақыты.  Қазіргі таңда  2000 жылдан бері осы мектепті басқарып келе жатқан  Арипбаева Жанар Дүйсенбаевна  мектеп меңгерушісі қызметін атқарып келе жатыр. Мектеп меңгерушісі болып 25 жылдан бері еңбегі сіңіп келеді.  Осы мектепке таусылмас қажыр қайратын жұмсай отырып, өсіп келе жатқан ұрпақты адалдыққа, адамгершілікке,Отанға деген сүйіспеншілікке, жоғары өнегелі қасиеттерге баулып келеді. Mіне, осындай үлкен жетістікті арқалап келе жатқан мектептің үлгі тұтар,мектеп ұжымы мақтан ететін,көп жылғы еңбегі бар ұлағатты ұстаздар бар.Осындай тұғыры биік тұлға–біздің Түркеш Қалқаұлы атындағы бастауыш мектебінің құрылуына үлкен үлесін қосқан, мектеп тарихында барлық саналы өмірін, денсаулығын ұрпақ тәрбиесіне арнап, киелі шаңырақтың дамуына сүбелі үлес қосып, мектеп мақтанышына айналған – Арипбаева Жанар Дүйсенбаевна. Мектеп меңгерушісінің ерен еңбегі үшін алған көптеген алғыс хаттары бар. Солардың кейбірін айтатын болсам, 2020-2021, 2022-2023  жылдар аралығында өз білімін жетілдіру барысында  облыстық, аудандық, аудан әкімшілігінің  ұйымдастыруымен  қатысқан жиындардан алған марапаттары жетерлік.

Мектеп табалдырығын аттаған  жас  бала  ертеңгі ел тұтқасы  десек,  оларды  парасатты, саналы  азамат етіп  тәрбиелеу—әрбір  ұстаздың борышы. Абай атамыз айтқандай «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. Шәкірт ұстазға қарап өседі. Ол ұстазының білімін, берген тәрбиесін, кеңесін алады. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғам қайраткері, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейеді. Алайда оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға дариядай терең білім, биік парасаттылық, талмас еңбекқорлық, таза ниет керек.

Осындай нәтижелі еңбектің арқасында мектептің оқушылары түрлі дәрежедегі олимпиадаларда жеңіске жетіп,мектептің абыройын асқақтатып жүр.  Осындай ұстаздардың атын жазатын болсам.  Манапова Үрбігүл Тұрлыбековна.  Бұл ұстаз мектебімізде 19 жылдан бері бастауыш пән мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Бұл ұстаз Түркістан облысының жалпы білім беретін мектеп педагогтарының педагогикалық шеберлігі мен кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылған «Ең Білімді Педагог-2020» пән олимпиадасында белсене қатысқаны үшін сертификатпен марапатталған . Бастауыш сыныбының мұғалімі Байтүгел Ләззат Тұрсынбайқызы да осы мектепте 11 жылдан бері қызмет етіп келеді. Бұл ұстаз Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, қазақ тілі пәнінен онлайн олимпиадасының 1дәрежелі дипломымен марапатталған.  Марапаты: Облыстық Бастауыш сынып мұғалімдер олимпиадасының  3 дәрежелі диплом  иегері атағын алды.  Сванбаева Динара Сүгіралиевна 10 жыл  мектепте қызмет атқарған  оқушыға білім беру жолында  Бастауыш сынып мұғалімдер олимпиадасының 3 дәрежелі дипломымен марапатталды. Ұстаз – ұрпақ тәрбиелеп өсіруші, қоғам сенген адам. Ұстаз болу әрі бақыт, әрі абырой. Осы қастерлі мамандықтың қадірін біліп, шәкірттерінің жүрегіне бар асыл қасиеттерін ұялатып, өн бойына ұстазға тән салмақтылық пен мәдениеттілікті сыйғыза білген жандарды халқымыз әрқашан да ерекше құрмет тұтқан. Осы орайда атақты педагог, ғалым В.А.Сухомлинский “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым–шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”- деп, ұстаздық өнерге ерекше баға берген. Расымен, Ұстаз – шәкірттердің жан дүниесін қалыптастыратын және шәкірттердің жақсы қасиеттерінің өсуіне себепкер болатын, сонымен қатар шәкірттің жүрегін, жанын азықтандыратын адам.«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруде мектептің педагогикалық ұжымы көптеген жетістіктерге жетуде, атап айтсақ, өткен 2023-2024 оқу жылында біраз жетістіктерге жетістіктерге қол жеткізді.Біздің мектепте оқушыларды шығармашылық жұмысқа,ғылыми жұмыстарға бағыттауда да айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп келеді. Сондай-ақ оқушылар түрлі олмпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болуда. Өз шығармашылығы бойынша  2023 жылы  Жұмағали Ақерке Бекжанқызы Кенгру-Математика  пәні бойынша 2 дәрежелі дипломымен марапатталды, сол жылы дәл осы марапатпен Кенгру-Математика  барлығы үшін халықаралық конкурсқа қатысып 2 орын алған сейдулла Нұрсезім Тұрдыққызы да марапатталды. 2022 жылы  қазан айында республикалық «Ақ Бота» интелектуалды  марафонына қатысып 3 дәрежелі  дипломымен марапатталды.

  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ¬тың қолында, ал жас ұрпақтың тағ¬дыры ұстаздардың қолында», – деп мұға-лімдер қауымына үлкен сенім, жауапкершілік артқан болатын. Олай болса, адам баласын ұлы мақсаттарға жеткізетін ұлы күш – білім, оны жас ұрпақтың бойына дарытушы ұстаздар қауымы екені сөзсіз.


© 2025 «Түркеш қалқаұлы ат. БМ» КММ Түркістан облысының білім басқармасы

Қазығұрт ауданының білім бөлімі